Тарих пәнінен аудандық семинар

7 желтоқсан күні Бексейіт орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинет жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Мектептегі тарих-география сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысында 7-сыныпқа тарих пәнінен Ескенова А.Т. және 6-сыныпқа география пәнінен Нысанбай Н.С. ашық сабақ өткізіп, жас мұғалім ретінде өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мектепте жүргізіліп жатқан инновациялық жобалармен келген қонақтарды таныстырды. Атап айтсақ: мектеп директоры Балағанов Е.Б. «Lesson Study: сабақты зерттеу» жобасымен, директордың орынбасары Қажығалиев Ә.М. «Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні» тақырыбында шеберлік сағатымен және тәрбие ісінің орынбасары Кабдолина Х.Н. «Оқуға құштар мектеп» жобасымен таныстырып, «Саралау әдісінің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара соңына «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында концерт ұйымдастырылды.

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x