Мектебімізде білім күні аталып өтті!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз.

Мектебімізде қыркүйектің бірінші күні Білім күніне арналған іс-шаралар өткізілді:

1) Салтанатты сап түзеу.

Салтанатты жиынымыз мемлекеттік туымызды енгізуден басталды. Мерекемізге келген құрметті қонақтарымыз ақ тілектерін жаудырды. 1-сынып бүлдіршіндерін 11-сынып оқушылары құттықтап, «Әліппе» оқулығын табыстады. Өз кезегінде бүлдіршіндер де өлең оқып, ән шырқады. Алғашқы қоңырау соғылып, 1-сынып оқушыларын алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы сапарға шақырдық.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына демеушіміз «Мамбетов және К» серіктестігінің директоры Арыстан Ноғайұлы қажетті мектеп құралдары салынған сөмке табыс етті.

2) 1-11-сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік сияқты құндылықтардың адам өміріндегі рөлін бірлесіп талқылау.

3) Оқушыларымыз қызықты бейнероликтер жасап, республикалық онлайн-акцияға қатысты

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest

1 Комментарий
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Комментатор WordPress
1 год назад

Привет! Это комментарий.
Чтобы начать модерировать, редактировать и удалять комментарии, перейдите на экран «Комментарии» в консоли.
Аватары авторов комментариев загружаются с сервиса Gravatar.

Дополнительные источники

1
0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x